Үндістанда болған ереуілдің соңы тәртіпсіздікке ұласты

Үндістан астанасы Нью-Делиде фермерлердің ірі наразылық акциясы өтті. Оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қақтығыстар салдарынан бір адам көз жұмған. Жарақат алғандар да бар. Алайда олардың нақты саны әзірге белгісіз. Тәртіпсіздікке байланысты шаһардың кейбір аудандарында интернет өшірілген. Фермерлердің былай ашуға мінуіне биліктің реформалары түрткі болыпты. Олардың талабына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы төмендетіледі. Алайда фермерлердің «табысымыз онсыз да аз, ал бұл заң салдарынан күнкөрісіміз тіптен қиындайын деп тұр» дейді. Осылай деген шаруалардың ереуілі былтыр қарашадан бері басылмай тұр. Айта кеткен жөн, Үндістанда еңбекке жарамды тұрғындардың 40 проценті ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді екен. Сондықтан реформаға қарсылық танытып жатқандар өте көп.

Блиц 1. Біз ауыл шаруашылығы туралы 3 заңды қайта қарауды сұрап отырмыз. Билік талабымызға құлақ аспаса, бұл жерден ешқайда да кетпейміз.

Блиц 2. Нью-Делиге еліміздің түрлі өңірлерінде тұратын фермерлер жиналды. Ешкім ешкімді күштемеді. Бәрі өз еркімен келді. Өйткені шаруалардың амалы таусылды.

Сондай-ақ...