Коронавирустың оңтүстікафрикалық мутациясы ғалымдарды алаңдатып отыр

Бұл штамм 23 елде тіркелді. Оның ішінде Францияның бірнеше өңіріне тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24.

Жергілікті ғалымдардың айтуынша, Африка құрлығынан келген мутацияның жұққыштығы оған дейін болған вирустан 50 процентке жоғары. Алайда одан ауру жиі асқынатыны туралы әзірше мәлімет жоқ. Жалпы вирустың бұл түрі жөнінде әлі ақпарат аз. Алғашқы келіп түскен деректерге қарағанда, өзгелермен салыстырғанда қазір қолымызда бар вакциналардың оңтүстікафрикалық мутацияға әсері төмен. Дегенмен коронавирустың генетикалық картасы анықталғандықтан, вакциналарды бұл штаммына бейімдеуге аса көп уақыт кетпейді дейді ғалымдар.

Ален Фишер, иммунология  профессоры:

– Жұққыштығы жоғары вирустың британдық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық мутациялардың пайда болуына байланысты Франция мен өзге елдерде де індет өршіп кетеді деген қауіп бар. Ковидтен жазылып шыққан адамдарға кейбіреуі, атап айтқанда оңтүстікафрикалық түрі қайта жұғуы мүмкін. Вакциналау арқылы осыдан сақтануға бола ма, осыны білгіміз келеді. Бірақ әлі ол туралы ақпарат жоқ. Дегенмен екпеден кейін адам ағзасында қалыптасатын антиденелердің оңтүстікафрикалық штамға әсері төмен.

Сондай-ақ...