Британияда шетел азаматтары карантинді қонақ үйлерде өткізеді 

Ұлыбритания үкіметі елге келетін шетелдіктерді қонақ үйлерде оқшаулануға міндеттеді.

Мұны билік өкілдеріне сілтеме жасаған The Times газеті хабарлаған. Шара қаупі жоғары санатына қосылған 30 мемлекеттің азаматтарына қолданылады. Шетелдіктер тоқтайтын қонақ үй тізімін үкімет бекітеді. Шығынды келушілер өз қалтасынан төлеуі тиіс. Қазір Ұлыбританияға келгендер 10 күндік карантиннен өтуі тиіс. Егер келісімен қайта тесттен өтсе, мерзім екі есе қысқарады.