Кенияға коронавируспен күресуге көмек беретін үш робот жеткізілді

Кенияға коронавирус індетімен күресуге көмек беретін 3 робот жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Жапония үкіметі қаржыландырған шара. Құрылғы бір минут ішінде 200-дей адамның дене қызуын өлшей алады. Сондай-ақ әуежайлар секілді үлкен ауданды алып жатқан ғимараттарды дезинфекциялайды. Оған қоса, адамдарға маска кию қажеттігін еске салып тұрады. Осылайша, осы жұмысты атқарып жатқан медиктерді ауру жұқтыру қатерінен сақтап алады.

Мутахи Кагве, Кения денсаулық сақтау министрі:

- Кенияға келетін туристер роботтың қабілетін бағалайтынына сенімдімін. Өйткені олар әуежайда тексеруден өтетін жолаушылардың уақытын үнемдейді.