ДДСҰ: Nipah вирусы пандемия тудыруы мүмкін

Nipah вирусы пандемия тудыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп отыр. Ол жайында «Российская газета» басылымы хабарлайды. Бұл вирус алғаш рет 1999 жылы Малайзияда анықталған. Оны Nipah өзенінің жағасында тұратын шошқа өсіретін фермерлер жұқтырған. Осыдан кейін Оңтүстік Азияда аурудың 12 ошағы тіркелген. Оны Қытайда, Оңтүстік-шығыс Азия, Жаңа Гвинея мен Австралияда мекендейтін жарқанаттар тасымалдайды. Вирус адамдарға шошқалардан не өсімдіктерден жұққан. Мамандар оның тез тарайтынын айтады. Кейде еш белгілерсіз өтуі мүмкін. Әзірге оған қарсы дәрі жоқ. Сондықтан мамандар жемістерді жуып, қабығын аршып жеуге кеңес береді. Жарқанаттар тісінің ізі бар өсімдіктерді тұтынбауға шақырады. Сондай-ақ «қолды жиі жуып, қорғаныс құралдарын қолданған жөн» дейді.