Э.Блинкен: АҚШ үшін Қытаймен арадағы қарым-қатынас өте маңызды

«АҚШ үшін Қытаймен арадағы қарым-қатынас өте маңызды».

Құрама Штаттардың жаңадан тағайындалған Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен осылай деп мәлімдеді. «Сондай-ақ екі ел арасында кейбәр кереғар мәселелердің жиі туындатыны жасырын емес», деді ол. Бірақ Блинкен «ресми Вашингтон мен Бейжің бірқатар сала бойынша ынтымақтастық орната алады» деп сенім білдірді.

Энтони Блинкен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- АҚШ пен Қытай арасында бәсеке барын жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, бірге жұмыс істеуге итермелейтін ортақ мүдделі істер бар. Олардың қатарында климат мәселесін айтуға болады. Ғаламдық жылыну бойынша нақты іс-шараларды бірлесе жасауымыз керек.