414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезиядағы ең белсенді Мерапи жанартауы атқылай бастады

  • 151
  • UPD: 12:03, 28.01.2021
Индонезиядағы ең белсенді Мерапи жанартауы атқылай бастады

Индонезияда ең белсенді Мерапи жанартауы оянды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан атқылаған күлдің биіктігі 3 шақырымға дейін жеткен. Ал, лавасы бір жарым шақырымдай аймаққа жайылған. Осы ретте таяудағы елді мекендерде қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды. Мамандар кейбір өңір тұрғындарын эвакуциялады.

Айта кеткен жөн, Мерапи әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі саналады. Оның биіктігі 3 шақырымға жуықтайды. 2010 жылы Мерапидің атқылауынан 350-ден аса адам көз жұмған. 350 мыңы үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге  эвакуцияланған.

Нови Янти, жергілікті тұрғын:

- Жанартау атқылағаннан кейін біз бірден бастауыш мектептің ғимаратына жиналдық. Артынан құтқарушылар келіп, бізді босқындарға арналған уақытша орындарға жайғастырды.

Хабар 24 телеарнасы