А.Гуттериш: «Спутник V» БҰҰ миссиясында қолданылуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы күресте ресейлік вакцинаның маңызы зор. Бұл екпе БҰҰ миссиясында кеңінен қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

ТАСС агенттігіне берген сұхбатында ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш осылай деп мәлімдеді. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Спутник V»-ді неғұрлым жылдам сертификаттаудан өткізсе деген үмітін білдірді. БҰҰ бітімгершілік миссиясын жүргізіп жатқан аймақтардағы қызметкерлер мен жергілікті халықты вакцинамен қамтуды көздеп отыр. Алайда олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен екпені ғана қолдана алады.