414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда Жаңа жылға қарсы қалың көші-қон басталды

  • 149
  • UPD: 15:26, 28.01.2021
Қытайда Жаңа жылға қарсы қалың көші-қон басталды

Қытай жұрты ел ішінде көшіп-қонуды бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалың адам толассыз сапарлайтын бұл мезгілді жергілікті жұрт «Чуньюнь» деп атайды. Мұндай көші-қон науқаны 40 күнге созылады. Аталған дәстүр айтізбе бойынша келетін жаңа жылмен байланысты ұғым. Биыл Қытайда жыл 12 ақпанда басталады. Әдетте бұл мереке отбасында жақындармен бірге тойланады. Сондықтан жүздеген миллион адам ірі шаһарларды тастап, аймақтар мен ауылдарға барады. Осылайша, 28 қаңтардан басталған қалың нөпір 8 наурызға дейін ел ішін араламақ. Қытайдың Көлік министрлігі елдегі эпидемиологиялық қиын жағдайға байланысты тұрғындарды үйден шықпауға шақырған. Тіпті кейбір провинцияларда басқа өңірден келгендерден ПТР-тестінің теріс нәтижесі талап етіліп жатыр. Биыл 1 млрд 700 миллион адам сапар шегуі мүмкін. Бұл – халықтың 40%-і. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда 10%-ке аз.

Хабар 24 телеарнасы