Таиландта санитарлық ереже бұзған 89 шетелдік қамауға алынды

Таиланд полициясы санитарлық ереже бұзған 89 шетелдікті қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пханган аралындағы барлардың бірінде рейд барысында 10 елдің азаматы ұсталды. Тәртіп сақшылары 20-дан аса жергілікті тұрғынды да абақтыға жапты. Коронавирус індетіне байланысты Таиландта бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Ереже бұзғандар екі жыл бас бостандығынан айырылады немесе бір мың доллардан асатын айыппұл төлеуі мүмкін.