Вьетнамда 55 күнде алғаш рет коронавирус жағдайы тіркелді

Вьетнамда соңғы 55 күнде алғаш рет коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің екі өңірінде 80-нен аса науқас анықталды. Қазір бір ауыл мен электроника шығаратын зауыт карантинге жабылды. Екі мыңнан аса жұмысшы оқшауланды. Індет басталғалы Вьетнамда бір жарым мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, 35 адам қайтыс болды.

Нгуен Суан Фук, Вьетнам премьер-министрі:

– Соңғы 55 күнде алғаш рет коронавирус ауруының жұғу деректерін анықтап отырмыз. Бұрын да осындай жағдай болып тұрған, бірақ бұл жолы індет ошағымен күресті одан да күшейтіп, жылдам және табанды әрекет етуіміз керек.