Бельгияда барлық медицина қызметкері екпе алуға дайын

Бельгияда вакциналау науқанына әзірлік қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлық медицина қызметкерлері ақпан айынан бастап екпе алуға дайын. Корольдіктің иммунологтары мен вирусологтарының мәлімдеуінше, сынақтан оң нәтиже алып, құзырлы органдар рұқсат берген барлық вакцина қауіпсіз. Бұл елде вакциналау міндетті емес ерікті түрде жүреді. Бірақ соған қарамастан дәрігерлер үкімет бекіткен мерзімде екпе салдыруға ниетті.

Наталья Храмых-Оверченко, дәрігер:

– Ғалымдар басқа барлық зерттеулерді кейінге ысырып қойып, тек вакцина жасау ісімен ғана айналысты. Сондықтан екпе салдыруға күдікпен қарағанды қойған дұрыс. Вакцинадан науқасқа келер зиян жоқ, керісінше оның иммундық қорғанысын күшейтеді. Оның үстіне, антиденеге қосымша тест тапсырудың еш қажеті жоқ. Кейбір науқастардың бойындағы антидене жеткілікті жоғары болса да, екпе салдырған артық болмайды.

Сондай-ақ...