419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда коменданттық сағат COVID-19 тоқтата алмады

  • 121
  • UPD: 08:54, 29.01.2021
Францияда коменданттық сағат COVID-19 тоқтата алмады

Францияда қосымша санитарлық шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы күндері науқастар саны 10 процентке өскен. Қазан айынан бері алғаш рет ауыр жағдайда 3 мыңнан астам адам ауруханаға түсті. Олар елдегі жан сақтау бөлімдеріндегі барлық төсек орындарының 30 процентін құрайды. Кей аймақтардағы ауруханалар науқастар нөпіріне төтеп бере алмай әлек. Сондықтан үкімет үшінші рет локдаун жариялауы мүмкін. Бұдан басқа, мектептегі демалыс мерзімін ұзарту мәселесі де қарастырылып жатыр. Сондай-ақ аймақтар арасындағы жүріс-тұрысқа шектеу салу қарастырылуда.

Оливье Веран, Францияның денсаулық сақтау министрі:

– Франциядағы коменданттық сағат британиялық мутацияның таралуына біраз шектеу салды. Бірақ сонда да бұл жеткіліксіз. Коронавирус штамы көзге анық көрінбесе де, өте тез жайылып жатыр. Бұл ащы шындық. Сондықтан жаңа шаралар қабылдауға мәжбүр болуымыз мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы