Венгрия үкіметі коронавирус індетіне қатысты қабылданған шектеулердің мерзімін наурыздың біріне дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елде коменданттық сағат жарияланған. Маска тағу мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетті. Дәріханалар мен жанар-жағармай құю бекеттерінен өзге сауда орындары кешкі сағат жетіге дейін жұмыс істейді. Дәмханалар тағамды жеткізіп беру қызметін ұсынуда. Бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған.