414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинада жүздеген автокөлік қар құрсауында қалды

  • 107
Украинада жүздеген автокөлік қар құрсауында қалды

Украинаның батыс пен оңтүстік өңірлерінде қалың қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан жүздеген көлік жүргізуші жолда қалды. Соңғы екі күнде құтқару топтары қар құрсауында қалған үш жүздей көлікті шығарып алған. Осы ретте жол полициясының қызметкерлері жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойды. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері тағы да қар жауатынын ескертіп, жергілікті тұрғындарды сапарға шықпауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы