419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда 3D-принтерде басылған экологиялық үйлер пайда болды

  • 134
Италияда 3D-принтерде басылған экологиялық үйлер пайда болды

Италияның Равенна өңірінде 3D-принтерде экологиялық таза үй басып шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үй қоршаған ортаны мүлдем ластамайды. Қос күмбез түрінде салынған ғимаратты екі үлкен принтер басып шығарды. Оның жұмысына 200 сағат кеткен. Ал негізгі құрылыс материалы ретінде өзге қоспалармен бірге жергілікті топырақ қолданылды. Жоба авторларының пікірінше, болашақта осындай үйлерге сұраныс артуы мүмкін.

Альберто Кьюзоли, Wasp құрылыс компаниясының инженері:

– БҰҰ-ның экологиялық хартиясы дәстүрлі әдістерді жаңа тәсілдерге ауыстыруды қарастырып отыр. Яғни бұл бағыт тұрақты даму мақсаттарына қызмет етуі тиіс. 3 D баспасы осыған лайықты жауап. Ол уақыт пен табиғи қорды үнемдейді.

Хабар 24 телеарнасы