АҚШ-та фабрикадағы төтенше жағдайдан қызметкерлер көз жұмды

АҚШ-тың Джорджия штатындағы құс фабрикасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда сұйық азот ауаға тарап, 6 адам көз жұмды. Тағы 10 адам жапа шегіп, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 3 науқастың жағдайы ауыр екенін айтады. Одан бөлек, кәсіпорыннан 130 адам эвакуацияланып, қазір барлығы тексеруден өтіп жатыр. Ал оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Николас Анкрум, фабрика өкілі:

– Өкінішке қарай, құс фабрикасының 6 қызметкері көз жұмды. Олардың жақындарына көңіл айтамыз. Кейбір қызметкерлеріміз алғашқы көмек көрсетпек болғанда, жапа шеккен. Қалған мамандарымыздың барлығы тексеруден өтіп жатыр. Сонымен қоса оқыс оқиғадан қоршаған ортаға зиян келмес үшін тиісті шаралар қолға алынды.