Португалия бүгіннен бастап шекарасын жабады

Бұл коронавирустың таралуын тежеу үшін қабылданған шара, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет құрлықта тек Испаниямен ғана шектеседі. Енді екі ел арасындағы шекара алдағы екі апта жабық болады. Сонымен қатар ел азаматтарына шетелге шығуға тыйым салынды. Бұл ереже де 14 күнге енгізіледі.

Айта кеткен жөн, Португалияда эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Кейінгі тәулікте мұнда коронавирустан 303 адам көз жұмды. Бұл эпидемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Мұнда Рождествоға орай шектеу шаралары жеңілдетілген. Билік соның салдарынан деректер саны артып кетті дейді. Ахуалдың өршуінің тағы бір себебі – вирустың мутацияға ұшырауы. Әсіресе ел астанасы Лиссабондағы жағдай күрделі. Мұнда британдық штамм тез тарап барады. Соның салдарынан қазір медицина қызметкерлері тапшы. Осы ретте Германия тарабы әскери дәрігерлерді жіберетінін айтты. Одан бөлек, жергілікті билік зейнетке шыққан ақ халаттыларды жұмысқа тарту мәселесін де қарастырып жатыр.

Сондай-ақ...