Ливанда шеруге шыққан жұрт әскерилерге гранат лақтырған

Ливандағы тәртіпсіздіктердің басылатын түрі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін түнде Триполи қаласында тағы да тыныш болмады.

Бұл жолы ереуілге шыққан жұрт күштік құрылым өкілдеріне қарсы әскери гранат лақтырған. Қала мэриясын жандырғыш қоспасы бар шөлмектермен атқылаған. Жұртты тарату үшін әскерилер тартылған. Ереуіл қатысушыларына қарсы резеңке оқ пен көз жасаурататын газ қолданды. Қақтығыстар салдарынан 200-ден аса адам жарақат алған. Негізі шаһарда ереуілдердің басталғанына бір аптадай болып қалды. Халық коронавирусқа қарсы шектеулерді алып тастауды талап етіп отыр. Айтуларынша, қатаң шаралар кесірінен тұрғындардың тұрмысы төмендеген. Салдарынан қылмыс өршіп барады.

БЛИЦ:

– Билік шектеу шараларын енгізеді екен, онда халықты қажеттінің бәрімен қамтамасыз етсін. Әйтпесе үйде аш отырғаннан не пайда?» 

– Балаларымыз ауырып қалса, дәріханадан препараттар таппаймыз. Онда ең қажетті дегеннің өзі жоқ. Бұл сұмдық қой. Азық-түлік дүкендерінде бағалар удай қымбат.

Сондай-ақ...