Нобель сыйлығының лауреаты Пауль Крутцен өмірден өтті

Нидерландтық химик, Нобель сыйлығының лауреаты Пауль Крутцен 87 жасында өмірден озды.

Бұл туралы бейсінбі күні Макс Планк атындағы ғалыми зерттеулер қоғамы хабарлады.

«Климаттағы өзгерістерді зерттеу ісіне өмірін арнаған пионер әрі химия саласында 1995 жылғы Нобель сыйлығының иесі атанған, Макс Планк атындағы институттың бұрынғы директоры Пауль Крутценнің өмірден өткенін қабырғамыз қайыса отырып хабарлаймыз», – делінген мекеменің Twitter-дегі парақшасында.

Крутцен атмосферадағы озон тесігін зерттеген.