Швецияда қаракүзен өсіруге тыйым салынды

Швецияда қаракүзен санын көбейтуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шектеу жыл соңына дейін жалғасады. Бәріне коронавирус себеп. Еуропаның біраз елінің фермаларында жануардың осы түрінің вирусты жұқтыру дерегі көбейіп кеткен. Швеция алғашқы дерек жайлы былтыр қазанда хабарлаған болатын. Сөйтіп, осы күнге дейін елде бар 30 ферманың 13-інде індет жұқтыру жағдайы анықталыпты. Былтыр Данияда да қаракүзендердің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Салдарынан билік ауру жануарлардың көзін жоюды бұйырған болатын. Алайда бұл шешімнің соңы ірі жанжалға ұласқан.