БҰҰ бас хатшысы екпе салдырды

БҰҰ-ның бас хатшысы коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол препараттың алғашқы дозасын Нью-Йорктегі мектептердің бірінде орналасқан вакциналау орталығында алды. Антониу Гуттерриш бұл мүмкіндікке алғашқылардың бірі болып жасы 65-тен асқан азамат ретінде қол жеткізді. Нью-Йоркте егде жастағы тұрғындарға осындай құқық берілген. Сондай-ақ вакциналау жоспарына сәйкес, коронавирусқа қарсы препарат мұғалім, полицей және көлік қызметкерлеріне салынып жатыр.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Мен Нью-Йорк билігіне, медицина қызметкерлері мен осы мектеп басшылығына алғыс айтамын. Өзгелерді де мүмкіндігін жіберіп алмай, екпе салдыруға шақырамын.

Негізі бұған дейін БҰҰ-ның бас хатшысы Оксфам бірлестігінің баяндамасын жария еткен болатын. Оған сәйкес, әлемнің ең ауқатты 10 миллиардерінің ақшасы бүкіл әлемдегі вакциналауды қаржыландыруға жетеді екен. Сондықтан халықаралық қауымдастық бай адамдарды жаһандық проблемаға бей-жай қарамауға шақырып, әйтпегенде салық салу мәселесін көтерітінін алға тартып отыр.