АҚШ-та балалар өз бетінше коронавирусқа сынама тапсырады

Пилоттық жоба Бостон қаласындағы мектептердің бірінде іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқушылар күн сайын мұрын қуысынан жағынды алады. Сосын жиналған материалды зертханаға жолдайды. Егер сыныптағы балалардың бірінде сынама оң нәтиже көрсетсе, бүкіл мектеп жабылмайды. Тек ол оқитын сынып оқушылары ғана карантинге жіберіледі. Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама қаржы үнемдеу жағынан тиімді. Әрі тестілеуді айтарлықтай жеңілдететін көрінеді.