БҰҰ: АҚШ пен Қытай қарым-қатынасының жақсаратынына үміт бар

БҰҰ бас хатшысы АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың жақсаратынына үміт білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Антониу Гуттериштің айтуынша, қос держава түрлі саясатты ұстанады. «Бірақ десе де, кейбір мәселелерге келгенде, тараптар күш біріктіруі керек» дейді. Айта кеткен жөн, Дональд Трамптың президенттігі кезінде АҚШ пен Қытай арасында «сауда соғысы» өршіп кеткен. Сондай-ақ Ақ үйдің бұрынғы басшысы аспан асты елінің компанияларын «америкалық технологияларды ұрлады» деп айыптаған. Одан бөлек, Трамп мырза коронавирустың өршуі үшін Қытай жауап беру керек дегенді алға тартып келді.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– АҚШ пен Қытайдың ынтымақтастық жүргізетін салалары бар. Сонымен қоса бір-біріне бәсекелес болатын секторлар да аз емес. Бір сұраққа қатысты тараптардың көзқарасы әр түрлі болуы мүмкін. Алайда мен қос мемлекетті ортақ мүддделер үшін бірлесе әрекет етуге шақырамын. Мәселен, климаттың өзгеруіне келгенде, күш біріктіруіміз қажет. Осы ретте қос мемлекет те көміртектік бейтараптық жобаларында белсенділік танытады деген үміттемін.