414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Сандро Боттичеллидің суреті рекордтық сомаға сатылды

  • 104
  • UPD: 15:04, 29.01.2021
АҚШ-та Сандро Боттичеллидің суреті рекордтық сомаға сатылды

Әйгілі итальяндық суретші Сандро Боттичеллидің туындысы рекордтық сомаға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауданы Сотбис аукцион үйі ұйымдастырған. Сарапшылар суретті 80 миллион долларға бағалаған. Алайда ол 92 миллион 200 мың долларға сатылып кетті. Ең қызығы, картинаның бұрынғы иесі оны 1982 жылы қазіргі ақшамен 1 миллион 200 мың долларға ғана сатып алған екен. Туынды 15 ғасырдың соңында салыныпты. Сөйтіп ол қайта өркендеу дәуірі суретшілерінің аукционда сатылған ең қымбат суретіне айналды.

Кристофер Эпостл, Sotheby’s аукцион үйінің өкілі:

– Кейбір суретшілерді данышпан деуге болады. Солардың қатарына еш күмәнсіз бұл суреттің авторы Сандро Боттичеллиді жатқыза аламыз.

Хабар 24 телеарнасы