COVID-19: Мексика көз жұмғандар саны бойынша үштікке кірді

Мексика коронавирусқа байланысты кісі өлімі бойынша әлемде үшінші орынға шығып, Үндістаннан озып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда індеттен 155 мыңнан аса адам көз жұмған. Өлім көрсеткіші бойынша антирейтингте бірінші және екінші орында АҚШ пен Бразилия тұр. Сорақысы сол, Мексикадағы сандар әлдеқайда жоғары болуы мүмкін деген күдік бар. Өйткені мұнда тестілеу төменгі деңгейде. Осы ретте сарапшылар шындығында елде вирустан 155 мың емес, 195 мың адам көз жұмған болуы мүмкін дейді.  

Франциско Морено, инфекционист:

– Бізге стратегияны өзгерту керек. Тестер санын көбейтуіміз қажет. Сонда ауру белгілері жоқ адамдарды да анықтай аламыз. Ауруханада кейбір дәрілерді қолдануға рұқсат берген дұрыс. Шыны керек, былтыр наурызда қай деңгейде едік, қазіргі эпидемиологилық ахуал тура сондай. Еш өзгеріс жоқ.

Сондай-ақ...