Австрияда тұрғын үйде жарылыс болды

Австрияның Лангенцерсдорф өңіріндегі тұрғын үйде жарылыс болды.

Салдарынан ғимараттың бірнеше қабаты опырылып құлаған. Бұл туралы жергілікті басылымға сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлады.

Оқиға орнында екі тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Жарылыстан жарақат алғандар бар. Жақын маңдағы тұрғын үйлерден адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылыс себебі анықталып жатыр.