Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков сотқа шақырылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Сооронбай  Жээнбеков сотқа шақырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бішкектегі Бірінші май аудандық соты одан жауап алмақ. Бұл премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Дуйшенбек Зилалиевтың қылмыстық ісіне қатысты болып отыр. Бұрынғы вице-премьердің еншісінде декларацияға енбеген үй, пәтер, есепшот және миллиондаған доллар қаражат табылған еді. Бұл іс бойынша Бірінші май аудандық соты Дүйшенбек Залиловқа 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шығарды. Енді ол бұл қаражат Сооронбай Жээнбековтың сайлау науқанына арналғанын мәлімдеді.