419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливияға вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді

  • 183
  • UPD: 22:11, 29.01.2021

Ел президенті «Спутник-V-дің» 20 мың данасы әкелінгенін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейлік өндіруші Боливияны 5 миллионаннан аса дозамен қамтуы тиіс. Мемлекет басшысы елде вакциналау науқаны басталатынын жариялап, ең алдымен екпе медицина саласының қызметкерлеріне салынатынын хабарлады. Халықтың бұл шараға сенімін көтеру үшін президент өзіне де вакцина салдырады.

Луис Арсе, Боливия президенті:

- Жақын арада азаматтарымыз қалыпты өмірге оралады. Егер бұрынғы үкімет вакцинаны жеткізу келісімін ертерек жасағанда бізде Аргентина мен Мексика секілді вакциналау толық көлемде жүрер еді.

Шри-Ланка да вакцинаның алғашқы партиясына ие болды, AstraZeneca препараты Үндістаннан келді. Алғашқы жарты миллион дозасын тегін табыстады. Қазірдің өзінде екпені ел астанасы – Коломбо қаласындағы аурухана қызметкерлеріне салып жатыр. Науқанның бірінші кезегінде екпе әскерилер мен полицейлерге егіледі. Үкімет осы вакцинаның 3 миллион данасын сатып алуды көздеп отыр.

Кумар Викремесингхе, ұлттық госпиталь директоры:

- Екі-үш күнде аурухана қызметкерлерінің барлығын вакциналаудан өткіземіз деген үміт бар. Бұл 10 мыңдай адам. Қазір госпитальда екпе салатын төрт орын әзірледік. Бұл адамдардың көптеп жиналмауына және екпені тездету үшін жасалып отыр.

Марокко елінде де вакциналау басталды. Бірінші болып король Мұхамед VI егілді. 3 мыңнан аса елді мекенде басталған жалпыұлттық науқанда халықтың 80%-іне вакцина салынады. Елдің барлық тұрғындарына екпе тегін.

Хабар 24 телеарнасы