Ұлыбританияда аэротаксиге арналған әлемдегі тұңғыш әуежай салынады

Ұлыбританияның Ковентри қаласының маңында ұшқышсыз басқарылатын көліктерге арналған әлемдегі тұңғыш әуежай салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

Ел билігі жүк көліктері мен жолаушыларды ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың көмегімен тасымалдау үшін қызмет ететін орталықтың құрылуына арнайы қаржы бөледі.

«Ұшақтар үшін – әуежайлар, пойыздар үшін – вокзалдар, ал автомобильдер үшін жолдар бар. Бірақ енді өз инфрақұрылымын қажет ететін әуе тасымалына арналған жаңа форма қалыптасты. Жолаушылардың келіп, рейске бронь қоюға, жолаушыларға арналған аэротакси салонына өтуге мүмкіндігі болуы тиіс. Сондықтан қозғалыстың бұл құралы үшін көмекші инфрақұрылым қажет болады», - деп мәлім етті Urban Air Port компаниясының төрағасы Санду.

Жобаны құрушылар ұшқышсыз басқарылатын көліктердің электр моторларымен жұмыс істеп, көмірқышқыл газын бөлетінін атап өтеді. Алдағы бес жылда әлемде осыған ұқсас 200-ге жуық әуежай салынады.