Moderna компаниясы Италияға жеткізетін вакцина мөлшерін қысқартты

Moderna компаниясы Италияға жеткізетін вакцина мөлшерін 20 процентке қысқартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы COVID-19 дертіне қатысты төтенше жағдай комиссары хабарлады. Оның айтуынша, 8 ақпанда басталатын аптада жеткізілуі тиіс вакцина мөлшері азаяды. Осылайша, елге 166 мыңның орнына вакцинаның 132 мың данасы түсетін болды. Комиссардың айтуынша, осының салдарынан вакциналау жоспары күн сайын өзгеріп жұр. Ол өткен аптада Pfizer компаниясы Италияға көздеген мөлшерден 30 процентке аз вакцина жіберсе, бұл аптада 20 процентке қысқартты.

Сондай-ақ...