Еуроодақ AstraZeneca вакцинасын қолдануға рұқсат берді

Еуроодақ AstraZeneca компаниясының вакцинасын ортақ аймақ нарығында қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен мәлім етті. Оған Дәрі-дәрмек жөнідегі Еуропалық агенттіктің оң бағасы әсер еткен. Мәліметке қарағанда компания одаққа 400 миллион доза жеткізбек.

Айта кетейік, Еуроодақ бұған дейін Pfizer мен Moderna компанияларының екпесіне рұқсат беріп, оларды қолдануды бастап кеткен. Бұдан бөлек, клиникалық сынақтың үшінші кезеңін әлі аяқтамаған бірнеше бірлестікпен екпе алу туралы келісімдері бар.

Сондай-ақ...