Үндістандағы Израиль елшілігінің жанында жарылыс болды

Нью-Дели орталығындағы Израиль елшілігінің жанында жарылыс болды.

Израиль Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады korrespondent.net.

Ал жарылғыш зат қолдан жасалған көрінеді.

«Оқиға тексеріліп жатыр және кінәлілерді табу үшін күш-жігерімізді аямаймыз», - деді Үндістан сыртқы істер министрі Субрахманьям Джайшанкар.