Өзбекстан вакцинаның 15 млн дозасына тапсырыс берді

Бұл осы елдегі халықтың 20 процентін егуге жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің хабарлауынша, әуелі америкалық «Файзер» және немістің «Бионтех» компаниялары өндірген препарат жеткізіледі. Осылайша алғашқы кезеңде 50 мың адамға екпе егу көзделіп отыр. Ақпанның бірінен бастап іргедегі көршілер жаппай вакцина егу үшін медицина қызметкерлерін дайындайды. Ол үшін Қытай және Ресей мамандарымен бірлесе арнайы тренингтер мен семинарлар өткізілмек.

Ботир Курбанов, республикалық коронавирусқа қарсы күрес штабының мүшесі:

– Біз халықтың 20 процентін егуге арналған вакцинаға тапсырыс бердік. Бұдан бөлек «Файзер» препаратын да сұратып жатырмыз. Енді вакцинаныңн нақты қанша дозасы және қандай түрі берілетінін Вакциналар мен иммундау бойынша жаһандық альянсы шешеді. Биыл өзбекстандықтардың 20 процентін вакциналау керек.