Novavax айына 150 доза вакцина шығармақ

Novavax компаниясы айына 150 миллион вакцина шығармақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы компания өкілдері мәлімдеді. Екпенің клиникалық сынағы алдағы бірнеше аптада аяқталуы тиіс. Аталған препараттың тиімділігі 90 процент деп бағаланды. Бірлестік өз вакцинасының жаңа штамнан да қорғай алатынын айтады. Препарат сынақтарына 16 мың ерікті қатысқан. Ақпанда олардың қатарын 30 мыңға дейін арттыру көзделген.

Стэнли Эрк, Novavax бас директоры:

– Біз екпемізді тіркеу үшін Еуропа, АҚШ, Канада және Австралияға бір уақытта өтініш бермекпіз. Өзге де елдерге осындай сұраныстар жолданады. Вакцинамыз алдағы бірнеше айда толықтай тіркеуден өтеді деп сенеміз.

Сондай-ақ...