Алжирде халықты коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

Алжирде халықты коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» екпесімен вакциналау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елге әзірге 50 мың доза вакцина жеткізілген. Ауқымды шара алғаш болып елдегі індеттің басты ошағына айналған Блида провинциясында қолға алынды. Бастапқы кезеңде екпе дәрігерлерге, қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салынбақ. Содан кейін халықтың қалған топтарын вакциналанау жоспарланған.

Бен Отман, жергілікті тұрғын:

- Бүгін ең қуанышты күн. Біз бұл сәтті көп күттік. Індетке қарсы вакцина алып жатқанымыз үшін үкіметке алғысымыз шексіз. Әрине, екпеге оңайлықпен қол жеткен жоқ. Енді індет қасіретінен арылармыз деген үміттеміз.

Сондай-ақ...