Мексикада бір тәулікте 1,5 мың адам коронавирустан көз жұмды

Мексика билігі соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан көз жұмған 1495 оқиғаны тіркеді.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Мексиканың денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша елде індеттің таралуы өткен аптамен салыстырғанда 4%-ке қысқарған.

Мамандардың болжамы бойынша соңғы 14 күнде 110 783 адам коронавирус жұқтырған.

1 403 064 науқас емделіп шыққан.