Жапонияда британиялық штамның жаңа ошағы анықталды

Жапонияда коронавирустың британиялық штамын жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вирусты Сайтама мен Токио қаласында тұратын 40 пен 60 жас аралығындағы 5 адам жұқтырып алған. Науқастардың барлығы анықтала салысымен ауруханаға жеткізілген. Күншығыс елінде британиялық штамм алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында тіркелген болатын. Ол кезде жаңа вирус Ұлыбританияға сапарлап қайтқан 5 адамнан анықталған еді. Ал ресми мәліметке қарағанда, қазір Жапонияда британиялық штамды жұқтырғандар саны 64-ке жеткен.