419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сантьягодағы аурухананың бірінде өрт шығып, 350 науқас эвакуацияланды

  • 166
  • UPD: 15:26, 31.01.2021
Сантьягодағы аурухананың бірінде өрт шығып, 350 науқас эвакуацияланды

Чили астанасындағы аурухананың бірінде өрт шығып, емдеу мекемесіндегі 350 науқас қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шекпен жоқ. Өрт сөндірушілер дер кезінде келіп, қызыл жалынды өшіріп үлгерді. Денсаулық сақтау министрлігі «өрт аурухананың қазандығынан шыққан» дейді. Бірақ кей мәліметтерге қарағанда, өкпені жасанды желдету аппараты қызып кетіп, оттың тұтануына әкеп соққан. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы