АҚШ тұрғындары қоғамдық көлікте бетперде тағуға міндетті

АҚШ-та ақпанның 2-сінен бастап қоғамдық көлікке мінген барлық жолаушы медициналық бетперде тағуға міндетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі федералдық орталығы жаңа ережені бекітті. Талап автобустар ғана емес ұшақ, пойыз, метро, кеме, такси сынды барлық қозғалыс құралдарына ортақ. Сондай-ақ жолаушылар станция мен аялдамаларда да бетперде тағып жүруі тиіс. Тек екі жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мұндай талап қойылмайды.