АҚШ-та бір тәулікте 136 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды

АҚШ-та соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 136,2 мыңға өсті, 2640 өлім жағдайы тіркелді.

Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті хабарлады.

Университеттің мәліметінше, АҚШ-та соңғы тәулік ішінде дәрігерлер COVID-19-дың 136 252 жағдайын тіркеді. Эпидемия басталғаннан бері АҚШ-та 26 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған және шамамен 440 000 науқас қайтыс болды.