Швецияда Нобель сыйлығы табысталатын орын вакциналау орталығына айналды

Швеция астанасында жыл сайын Нобель сыйлығы табысталатын орын уақытша халықты вакциналау орталығына айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауқымы 1 жарым мың шаршы метр болатын ғимарат екпені жүргізуге қауіпсіз әрі ыңғайлы деп танылды.

Айта кетейік, Швецияда халықты коронавирусқа қарсы вакциналау шарасы өткен жылдың соңында басталған болатын. Қазірге дейін бұл елде 80 мыңға жуық адам екпе қабылдаған.

Шарлотта Захариас, дәрігер:

– Бұл ғимараттың артықшылығы кіреберістегі бөлменің өте үлкен болуында. Адамдар екпе алған соң 15 минуттай осы жерде отырады. Ал ол үшін кең орын қажет.