Бразилияда тағамды жеткізіп беру қызметіне сұраныс артқан

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында індеттен тағамды жеткізіп беру қызметіне сұраныс артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үрдіс көп мейрамхананы банкроттан сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берген. Тіпті кейбірінің табысы молая түскен. Бірақ коронавирустан Бразилиядағы мейрамхана саласы да өзге елдердегідей қатты зардап шекті. Мысалы, жұқпалы кеселден елде 250 мыңнан астам дәмхана мен мейрамхана жұмысы тоқтап қалды.

Фабрицио Батиста, курьер:

- Коронавирустан көптеген дүкен мен тамақтану орындары шығынға батып, жабылып қалды. Бірақ тағамды жеткізіп беру қызметіне сұраныс артып, осы салада қызмет етушілер қатары көбейгені байқалады.

Сондай-ақ...