Кубада мұғалімдер отырған автобус апатқа ұшырады

Куба астанасы Гаванада мұғалімдер отырған автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 10 адам мерт болып, тағы 20-дан астам жолаушы түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында екі бала бар. Жолаушылардың барлығы жұмыстан кейін үйге оралмақ болған. Автобус көпірден бұрылғанда терең аңғарға құлаған. Оқиға орнында құтқаруышлар жұмыс істеп жатыр. Жарақат алғандар дәрігерлердің жіті бақылауында.

Оскар Карвахаль, жолаушы көліктер компаниясының басшысы:

– Жол апатынан қаза тапқандардың туған туыстарына көңіл айтамыз. Жарақат алғандардың жақындарымен байланысып жатырмыз. Барлығын аман есен өз үйлеріне жеткізетін боламыз.