Колумбияда қайық апатынан 12 адам көз жұмды

Колумбияның батысында екі қайық апат болып, салдарынан кем дегенде 12 адам көз жұмды.

Бұл туралы El Tiempo газеті хабарлайды.

Басылым мәліметінше, оқиға Тумако муниципалитетінде болған. Ажал құшқандардың арасында балалар бар, тағы 30 адам құтқарылды. Тағы 30 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.