Британиялық дәрігерлерге млн-даған қаржы жинап берген ардагер Том Мур коронавирусқа шалдықты

Ұлыбританиялық дәрігерлерге көмек ретінде ғаламтор арқылы миллиондаған қаржы жинаған ардагер Том Мур коронавирусқа шалдығып, ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарияның қызы оның тыныс алуы қиындағанын айтады.

Естеріңізде болса, өткен жылдың көктемінде Том Мур елдің Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне 32 миллион фунт жинап берген. Ардагер капитан арбасымен өз үйін 100 рет айналып өткен. Кейін Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Том Мурды рыцарлыққа көтерді.