Тынық мұхитында екі кеме апатқа ұшырады

Тынық мұхитында жолаушыларға толы екі кеме апатқа ұшырап, 12 адам су астына кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдардың арасында 7 бала бар. Қайғылы оқиға Колумбия жағалауында болған. Елдің әскери теңіз күштерінің хабарлауынша, апаттан 35 адам аман қалыпты. Жарақат алған 13 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі – бала. Су көліктерінің апатқа ұшырауына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жолаушылар саны да нақтыланбаған. Сол себепті құтқару-іздестіру операциясы әлі де жалғасып жатыр. Із-түзсіз жоғалғандарды табу үшін бірнеше тікұшақ жұмылдырылды.