Австралияның Перт қаласы 5 күнге карантинге жабылды

Бұған Батыс Австралия штатында соңғы 10 айда алғаш рет коронавирус жұқтырған науқастың тіркелуі себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді 2 млн тұрғыны бар қаланың маңында орналасқан бірнеше елді мекен аптаның аяғына дейін карантинге жабылды. Мамандардың айтуынша, науқас Ұлыбританияда шыққан коронавирустың жаңа штамын жұқтырған. Жарияланған жаңа шектеу шараларына сәйкес аймаққа келген шетел азаматтары 14 күн бойы оқшаулануы шарт. Ал жергілікті тұрғындарға себепсіз сыртқа шығуға болмайды. Өңірдегі мектептер де уақытша ашылмайтын болды.

Сондай-ақ...