Мьянмада мемлекеттік төңкеріс болды

Ел әскері бір жылға төтенше жағдай жариялады.

Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, президент, мемлекеттік кеңесші мен басқарушы партияның жетекшісі қамауға алынған. Ал билік әскерилердің қолына өтті. Соңғы уақытта мемлекет басшылары мен қарулы күштер арасындағы жағдай қатты шиеленісіп кетті. Оған былтыр қарашада өткен сайлау себеп. Саяси додада басқарушы партия жеңіске жетті. Алайда әскерилер дауыс беру нәтижелері бұрмаланды деп отыр. Олар тіпті Жоғарғы сотқа жүгінген. Дегенмен сайлау комиссиясы заң бұзушылықтар таппағанын мәлімдеді. Осыдан кейін әскерилер шара қолданамыз деп ескерткен болатын. Қазір Мьянма астанасында мобильдік байланыс өшірілді. Әскерилерге тиесілі бір ғана телеарна жұмыс істеп тұр.   

Сондай-ақ...