419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея карантинді тағы екі аптаға ұзартты

  • 161
  • UPD: 23:23, 01.02.2021
Оңтүстік Корея карантинді тағы екі аптаға ұзартты

Кешкі сағат 21:00-ден кейін дәмханалар мен мейрамханаларда тамақтануға және 5 адамнан артық ғимарат ішінде жиналуға болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шарапханалар мен түнгі клубтар мүлде ашылмайды. Шіркеулер діни рәсімді негізінен онлайн өткізіп, ғибадатханадағы орын саны 10%-тен аспауы тиіс. Шектеулердің сақталуына Ай жылнамасы бойынша жаңа жылдың тойлануы себеп болған. Ел билігі мереке кезінде коронавирустың кеңінен тарауы мүмкін деп қауіптенеді.

Кан До Тэ, Оңтүстік Корея денсаулық сақтау вице-министрі:

- Үкімет әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың қазіргі ережелерін күшінде қалдыруға шешім қабылдады. Егер карантинді ұзартпасақ, індет қысқа мерзімде қайта ушығып, науқастар қатары мыңдап артуы әбден мүмкін.

Сингапур шетелдіктердің елге кіруіне арналған ережелерді қатаңдатты. Бүгіннен бастап сырттан келушілерден коронавирусты емдеуге жұмсалатын шығынды жабатын медициналық сақтандыру талап етіледі. Германия, Малайзия мен Оңтүстік Корея сапарға қатысты жеңілдетілген елдер тізімінен алынып тасталды.

Хабар 24 телеарнасы